БҚО-да дәрігерлер жетіспей жатыр

Дәурен Ерболат

Өңірде 50 аурухана салынады

Фото: inform.kz

Батыс Қазақстан облысында дәрігерлер жетіспей жатыр, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің айтуынша, өңірде дәрігерлер тапшы. Бүгінде 131 маман жетіспейді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осыған қарамастан алдағы 2 жылда өңірде 50 аурухана салынады.

БҚО Құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, келесі жылы 24 медициналық нысан, ал 2024 жылы 26 аурухана салынады.

Облыс әкімі медициналық нысандарды салу бойынша тапсырма берді. Біз жұмыс істеп жатырмыз. 8 ауданда салынатын 14 нысанның учаскесін анықтадық. Олар бойынша жобалар дайын. Қазір жобалар мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, - деді Әлібек Антазиев.