Halyq Uni логотип
×

Өңірдегі әкімдер жаңа басшы тағайындалғанға дейін өз міндетін атқарады

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды

 Динара Амантай 26.11.2022 | 14:50
Өңірдегі әкімдер жаңа басшы тағайындалғанға дейін өз міндетін атқарады
Фото: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқарады. Сондай-ақ президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары да тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін орындайды.

Айта кетсек, еліміздің заңнамасына сәйкес президент сайланғаннан кейін барлық мемлекеттік органдардың басшылары мен мемлекет басшысына есеп беретін әкімдер міндетін атқарушы болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама