Президент тиісті Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі 2023 жылы аяқталатынына байланысты Сенат депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалсын, – делінген құжатта.
Сондай-ақ Үкіметке, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдеріне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.