Молдова мен Грузия да ЕуроОдаққа мүше болуға өтініш берді
Украинаның ЕуроОдаққа кіру туралы өтініші тіркелді
Молдова билігі Еуроодаққа кіруге өтініш жібереді. Бұл туралы республика президенті Майя Санду мәлім етті. Оның айтуынша, бұл елдің негізгі мақсаты және өз болашағын ЕО құрамында көретін азаматтардың таңдауы.
Таяуда елдің сыртқы істер және еуропалық интеграция министрі Николай Попеску ел басшылығы НАТО-ға кіру мәселесін қарастырмайтынын мәлімдеген еді. Молдова бірқатар міндеттемені мойнына алып, 2014 жылы ЕО-мен қауымдастық туралы келісімге қол қойды.
Айта кетейік, кеше Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвили ЕуроОдаққа кіруге кандидат мәртебесін беру туралы өтінішке қол қойды. Оның мәлімдеуінше, бұл шешім Грузияның еуропалық интеграция жолындағы тағы бір маңызды кезеңі болмақ.
Бүгін Грузия үшін тарихи күн. Мен ЕуроОдаққа кіру туралы ел атынан өтініш жасадым, деді Грузия премьер-министрі Гарибашвили.
1 наурызда Украина президенті Владимир Зеленскийдің Еуропалық Одаққа кіру туралы өтініші тіркелді. Бұл туралы Украинаның ЕО-дағы өкілі Всеволод Ченцов мәлімдеді.