Halyq Uni логотип
×

Жас жұбайлар үйлену тойынан үш күннен кейін қайтыс болды

Күйеуі 23 жаста, әйелі 17 жаста болған

 Халық үні 26.11.2022 | 08:50
Жас жұбайлар үйлену тойынан үш күннен кейін қайтыс болды
Фото: greenvelope.com

Өзбекстанның Ферғана облысында жас жұбайлар үйлену тойынан 3 күннен кейін қайтыс болды,  деп хабарлады nuz.uz.

Елдің бас прокуратурасы хабарлағандай, күйеуі 23 жаста, әйелі 17 жаста болған. 24 қарашада олардың мәйітін жігіттің әкесі тауып алған. Алдын ала болжам бойынша жас отбасы қолдан жасалған пештен шыққан газдан уланып қалған. Пешті жас жігіт өзі жасаған. 

Өртке қарсы қоғамдастықтың техникалық қауіпсіздік маманы үйге барып, пеш қойылғанын, мұржаның дұрыс орнатылмағанын айтқан. Айтуынша, соның салдарынан газ толық жанбай, бөлмеген тараған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама