Қазақстанда алдағы 3 күнде 40 градус аяз болады
27-28 қарашада шығыста 27-38 градусқа дейін күрт төмендеуі болжанады
Синоптиктер Қазақстанда 26-28 қарашада ауа райы қандай болатынына болжам жасады.
«Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне суық арктикалық ауамен толтырылған солтүстік антициклоны әсер етеді, соның әсерінен солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасы күрт төмендеп, жауын-шашын тоқтайды. Атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қар жауады.
Республика бойынша тұман түседі, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі 15-28 м/с, шығыста бұрқасын болады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.
«Түнде батыста ауа температурасы 5-15 градусқа дейін аздап төмендейді, 26-27 қарашада солтүстік-батыста 20-30 градусқа дейін, солтүстікте 23-36 градусқа дейін, орталықта 17-34 градусқа дейін, 27-28 қарашада шығыста 27-38 градусқа дейін күрт төмендеуі болжанады, 27-28 қарашада ауа температурасы оңтүстік, оңтүстік-шығыста 5-15, таулы жерлерде 15-20 градусқа дейін төмендейді», -делінген хабарламада.