«Тергеуге жан-жақты көмек көрсетеміз». «Самұрық-Қазына» Антикор тексерісіне қатысты мәлімдеме жасады
«Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» және ҚТЖ мемлекетке 3,8 млрд теңге залал келтірген
Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық Энерго» және «Қазақстан темір жолы» компанияларының кейбір басшыларына қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы ақпарат жариялады.
«Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен көздеген ортақ мүдде үшін тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Өздеріңізге мәлім, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қорды реформалау бағдарламасы қабылданды. Оның басты тармақтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңнаманы сақтау, - елінген ұлттық компанияның хабарламасында.
Қордың бүкіл компаниялар тобында сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша белсенді жұмысты тұрақты жалғасын табатыны хабарланды.
«Біз өз тарапымыздан «Самұрық-Қазына» қорындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін жою үшін тергеуге жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырамыз.
Нақты нәтижелері де бар, атап айтқанда сатып алудың ашық тетігі әзірленді, бизнес үшін әкімшілік кедергілер жойылды, сәйкестік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша озық тәжірибе бекітілді және оны жетілдіре береміз», - делінген Қор хабарламасында.
Еске салайық, кеше, 3 наурызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық Энерго» және «Қазақстан темір жолы» компанияларының кейбір басшыларына қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы ақпарат жариялады.