×

Біртановтың сотынан ақпарат таратқан белсендінің үстінен сотқа шағым түсті

Алғашқы отырысы 6 желтоқсанға жоспарланған

 Айнұр Шошаева 25.11.2022 | 16:02
коллаж: Halyq Uni

Экс-министр Елжан Біртановқа қатысты сот процесінен әлеуметтік желіде жазба жариялаған белсенді Сандуғаш Орынбаеваның үстінен сотқа азаматтық талап арыз түсті. Алғашқы отырысы 6 желтоқсанға жоспарланған, деп хабарлайды Halyq Uni

Белсендіге қатысты сотқа талап-арызды Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевтің ісі бойынша айыптау куәгерлерінің бірі, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының сарапшысы берген. 

«Ол менің жазбамдағы пікірлер ар-намысы, қадір-қасиеті және іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп есептейді. Келтірілген залалды 500 мыңға бағалап отыр», – деді белсенді. 

Айтуынша, өзі әлеуметтік желілерде ашық сот процессінде айтылған мәліметтерді ғана жариялаған. 

Шындықты айтып, қалай залал кетіруге болады, түсінбеймін. Үнемі ашық сотта естігенімнің бәрін жариялап отырдым. Оқырмандарым мен достарым соңғы айлардағы барлық жазбаларым Біртанов-Әбішев соты туралы екенін жақсы біледі. Менің биыл 14 қазанда жазған жазбамдағы мәліметтердің баршығы сотта естіген мәліметтеріме сай келеді, – дейді Сандуғаш Орынбаева. 

Еске сала кетейік, бұған дейінгі жазбасында Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының өкілі жүкті әйелдерге арналған регистрге ЖСН енгізіп, өзін таппаған соң, жүйе жұмыс істемейді деп шешкені туралы жазған болатын. 

Аталған шағым бойынша алғашқы сот отырысы 6 желтоқсанға жоспарналған. 

«Help Today» қоғамдық қорының директоры Эльмира Әлива бұл шағымды белсендіге көрсетілген қысым деп бағалайды. 

Сандугаш біз сияқты, оның ішінде БАҚ та бар, сот процесінің қалай жүріп жатқанын жариялап отырды. Менің ойымша, бұл жалғыз оған емес, әділетті Қазақстан үшін күресіп жатқан баршамызға берілген талап, – деді Эльмира Әлиева. 

Сандуғаш Орынбаева – «Өмір сый» трансплантациясындағы пациенттердің республикалық қоғамының президенті. Ол еліміздегі трансплантацияға дейінгі және кейінгі пациенттерді қолдайтын ұйым. Сондай-ақ ұйым Қазақстанда орган донорлығын танымал етумен айналысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама