Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда «Қазақтелеком» жұмысшылары митингке шықты

Компанияның қызметкерлері жалақыны көбейтуді талап етіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 25.11.2022 | 14:14
Қарағандыда «Қазақтелеком» жұмысшылары митингке шықты
фото: ашық дереккөз

Қарағандыда «Қазақтелеком» компаниясының жергілікті жердегі бөлімшесінің 50 шақты жұмысшысы басшылықтан жалақыны өсіруді талап етіп жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Жұмысшылар «Қазақтелеком» компаниясының Қарағанды бөлімшесі басшыларымен кездесу үшін жұмыс орындарын бір сағатқа тастап, митингке шыққан. Олардың айтуынша, алып отырған жалақылары мардымсыз көрінеді. Разрядына қарай айына 120-160 мың теңге алады.

Біз басшылыққа арыз-талаптарымызды жеткіздік. Жалақыны 50-100 пайызға өсіруді талап етеміз. Келіссөзден әзірге нәтиже жоқ. Бізге келесі аптада жоғарыдан басшылар келеді деп айтты. Келіссөз жалғасады, – деді жұмысшылардың бірі Азаттықтың тілшісіне берген сұхбатында.

Оқиға орнына жергілікті кәсіподақ жетекшісі де келген. Содан кейін митингшілер тарап, жұмыстарына кіріскен. Алайда тараптар әзірге ешқандай келісімге келген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама