×

Ресей азаматы көшеде үш адамды атып тастады

Оқ атқан адамның өзі де көз жұмды

 Дастан Жұмабекұлы 25.11.2022 | 10:10
фото: u23.ru

Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Крымск қаласында ер адам көшеде кетіп бара жатқан адамдарға оқ атты. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, оқ атқан адамды қоса алғанда 4 адам қаза тапқан.

Әуелі ер адам үш адамды атып тастады, –  делінген хабарламада.

Агенттікке ол туралы мәлімет берген дереккөз тұрғындарға оқ атқан адамның өз өзіне қол жұмсағанын хабарлады.

Қазір өңірлік прокуратура тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Оқиға болған жерге Крымск ауданаралық прокуроры барды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр», –  деп хабарлады ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама