×

СҚО-да зорлықпен өлтірілген әйелдің денесі табылды

Кісі өлтірді деген күдікпен осы ауылдың 52 жастағы тұрғыны ұсталды

 Халық үні 24.11.2022 | 23:15
фото: ашық дереккөзден

17 қарашада Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне Советское ауылында үйдің кіреберісінде зорлықпен өлтіру белгілері бар 56 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі, «Кісі өлтіру» бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Кісі өлтірді деген күдікпен осы ауылдың 52 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның айтуынша, 14 қарашада ол марқұм әйелмен бірге алкогольдік ішімдік тұтынып, араларында жанжал туған. Жанжал барысында ер адам әйелді ұрып-соққан.

Әйелдің денесін 17 қарашада анасының жағдайын біліп қайтуға келген қызы анықтады. Ол телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары қолға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама