WhatsApp дерекқорын сатушысы басылым зерттеушілеріне үлгі тізім деректерімен бөліскен
Танымал хакерлік форумда WhatsApp қолданушыларының 500 миллионға жуық телефон нөмірлерінен тұратын база сатылымға қойылған, олардың арасында кейбір қазақстандықтардың да нөмірі жүр.
Cybernews басылымының мәліметінше, хакердің тырнағына 84 мемлекеттің тұрғындары ілінген, олардың 3,2 миллионға жуығы - Қазақстан қолданушылары көрінеді. Аталған мессенджердің 2 миллиардтан астам қолданушысы бар десек, ұрланғаны оның төрттен бір бөлігін құрайды.
Сұранысқа сәйкес WhatsApp дерекқорын сатушысы басылым зерттеушілеріне үлгі тізім деректерімен бөліскен. Жалпы үлгіде 1097 британдық және 817 америкалық қолданушылардың нөмірлері көрсетілген.
Cybernews үлгіге енгізілген барлық нөмірлерді зерттеп, олардың барлығы мессенджер қолданушылары екенін растады.