Halyq Uni логотип
×

Боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты мәлімдеме шықты

Қазір ол өз бетінше жүре алады

 Дастан Жұмабекұлы 24.11.2022 | 16:42
Боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты мәлімдеме шықты
фото: ашық дереккөз

Боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы едәуір жақсарып қалды. Қазір ол өз бетінше жүре алады.

Бұл туралы Айдостың жекпе-жектерін ұйымдастыратын «Suleimen Promotions» компаниясы хабарлады.

«Қазір боксшымыз айтарлықтай жақсарып қалды. Ол өз аяғымен жүре алады. Психикасы да жақсы. Дәрігерлермен сөйлесіп, олардың сұрағына жауап береді. Мамандардың айтуынша, Айдос жылдам сауғып келеді. Тіпті жақын арада оны ауруханадан шығарып, елге әкелуге мүмкіндік туатын сияқты. Сонымен бірге, Айдостың зайыбы да АҚШ-қа келді. Қазір ол жұбайының жанында. Бұл, әрине, Айдос үшін үлкен демеу», –  деді промоутерлік компанияның өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама