×

Қостанай облысында жолдар жабылып жатыр

Бүгінде Ақтөбе облысына дейінгі жол жабық

 Дәурен Ерболат 24.11.2022 | 16:08
Фото: zakon.kz

Қостанай облысында көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігі жабылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясы.

24 қарашада сағат 13:00-ден бастап Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жабылуына байланысты (көктайғақ) республикалық маңызы бар автожол учаскесінде: А-22 Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай, 262-232 шақырым (Қамысты ауданы Жайылма кентінен Ақтөбе облысына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін «ҚазАвтоЖол» алыс жолға шығатындар үшін жағымды жаңалық жариялаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама