Қарағандыда облыстық балалар ауруханасында заңнама талаптары бұзылды
Мемлекеттік мекеме бұған дейін де әкімшілік жауапқа тартылған
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама бұзылғаны анықталды. Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олар салыстырып тексеруден өтпеген 14 өлшеу құралын қолданған: медициналық ростомерлер, электрондық медициналық таразылар, жаңа туған нәрестелерге арналған өкпені жасанды желдету аппараты және балалар, анестезиялық-тыныс алу аппараты, термометр, көрсететін манометрлер, қан қысымын өлшеуге арналған құрал.
Комитеттің хабарлауынша, облыстық балалар клиникалық ауруханасындағы 358 өлшем құралы тексерілген.
Айта кетері, мемлекеттік мекеме жыл басынан бері осындай олқылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Содан кейін де мекемеде салыстырып тексеруден өтпеген импульстік оксиметр, аудиометриялық модуль, механикалық желдету аппараттары сияқты 12 өлшем бірлігі қолданылған.
Қарағандыда облыстық балалар клиникалық ауруханасына жіберілген олқылықтарды жою үшін ұйғарым жасалды.