Айтыскер ақын Мәжіліс депутаты болып сайланады
Кеше Amanat партиясы мемлекеттік қайта тіркеуден өтті
Amanat партиясынан Мәжіліс депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды.
Бұл туралы Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов хабарлады.
«Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға. Алда әлі талай мақсаттар тұр. Ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін», - деп жазды Оралов.
Еске сала кетейік, 1 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан партияның кезектен тыс съезінде Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды. Президент партия атауын өзгертуді қолдады.
2 наурызда Amanat партиясы мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.