×

2500 жұмысшы мен 2000 техника: Астана әкімдігі қысқа дайын ба?

Келесі жылы жалақы тағы өспек

 Бауыржан Мұқанов 24.11.2022 | 10:04
Фото: Halyq Uni

Биыл Астана қалалық коммуналдық қызметкерлер жалақысы 20% көбейді, деп хабарлайды Halyq Uni қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, қар тазалау екі ауысымдық режимде жүргізілуде. Қардан тазарту кезінде бірінші кезекте әлеуметтік объектілерге кірме жолдардың, тротуар аймақтарының, орталық көшелердің тазалығы қамтамасыз етіліп, тазарту жұмыстары жүргізіледі», – дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарлауынша, биыл қала көшелерін қардан 2500 жуық жол жұмысшысы мен 2000 астам арнайы техника тазартатын болады. 2021 жылмен салыстырғанда арнайы техника саны ұлғайтылып, қоймаларда шамамен 29,3 мың тонна тұз бен құм қоспасы сақталған.

«Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері қолайлы жағдайда еңбек етуі үшін коммуналдық қызметтердің автопаркі жаңартылып, жалақы мөлшері 20%-ға арттырылды. Осыған қоса соңғы жылдардың өзінде 300-ден астам арнайы техника мен жабдық сатып алынды», – делінген әкімдік жауабында.

2023 жылы қалалық коммуналдық қызмет мамандарының жалақысын қосымша көтеру, сонымен қатар, автопаркті ары қарай да жаңарту жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама