×

«Аукцион өткізіледі». Астана мен Атырауда полиция көліктері сатылып жатыр

Полиция департаменттері олардың не себепті сатылымға шыққаны туралы ештеңе айтпай отыр

 Еркеғали Болатұлы 24.11.2022 | 09:50
фото: kolesa.kz

Әлеуметтік желіде 2005-2015 жылдары шығарылған полиция көліктерін сату туралы 10-нан аса хабарландыру пайда болды. Олардың ішінде жол талғамайтын көлік пен бизнес-классы да бар.

Сатылымдағы көліктер Астананың Сарыарқа ауданында орналасқандығы көрсетілген. Ол мекен-жайда көліктер шынымен тұр екен. Бірақ онда барған тілшілер жауап беретін адам таппаған.

Атырау облысында да осындай хабарландыру жетерлік. Жарнаманы әкімдік ұсынып отыр. «Бұл – құзырлы мекеменің жекешелендіру тапсырысы» дейді ондағылар. Ал қалалық полиция департаменті көліктердің не себепті сатылымға шыққаны туралы ештеңе айтпаған.

«Атырау облысы полиция департаменті теңгеріміндегі 64 бірлік құралын сауда-саттыққа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сауда-саттық аукционда бағаны көтеру және бағаны төмендету әдістерімен өткізіледі. Бірінші сауданы өткізу қараша айына жоспарланған», - деді Атырау облыстық қаржы басқармасының бас маманы Айнұр Шомирова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама