×

Ресей Украинаның ірі қалаларына ракетамен соққылар жасады

РФ әскері негізінен энергетикалық инфрақұрылымдарды атқылаған

 Дастан Жұмабекұлы 24.11.2022 | 08:47
фото: moscowtimes.ru

Ресей армиясы аптадан артық үзілістен кейін Украинаның ірі қалаларына ракетамен жойқын соққылар жасауды қайта жалғастырды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

РФ әскері негізінен қалалардың энергетикалық инфрақұрылымдары нысандарын атқылауға күш салды. Қазір елдегі ондай құрылымдардың үштен бірі қиратылған.

Украинаның бүкіл территориясында әуе дабылы жарияланды. Жарылыстар Киев, Запорожье, Днепропетровск, Винница секілді көптеген облыстары аумақтарынан естілді.

Осы атқылау барысында Киевте кемінде 3 адам қаза тапты. Қала мэрі Виталий Кличко құрбандыққа ұшырағандардың бірі 17 жастағы қыз екенін айтты. Жалпы, атыстан 11 адам зардап шегіп, 10 адам госпитальдарға жатқызылған.

Киевтің мэрі қалаға қарай 31 ракетаның ұшқанын, олардың 21-і әуеде атып түсірілгенін хабарлады. Бір ракета Киевтің инфрақұрылым нысанына соққан. Соның салдарынан ел астанасы жарық пен сусыз қалған, метро шектеулі режиммен жұмыс істеуге көшкен.

Мұндай қиыншылықтар басқа да көптеген облыстарға түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама