×

«8-сынып оқушысы үйдің шатырынан өлі табылды»: жасөспірімге қатысты тың дерек шықты

Мектеп оқушысы өзіне қол салған кезде үйде ешкім болмапты

 Халық үні 24.11.2022 | 07:55
Фото: 24.kz

Атырау облысының Жылыой ауданында сегізінші сынып оқушысы асылып қалды. 14 жастағы жасөспірімнің денесін ата-анасы өз үйінің шатырынан тапқан, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Мектеп оқушысы өзіне қол салған кезде үйде ешкім болмапты. Оқиға демалыс күні болған. Одан бір күн бұрын жасөспірім денсаулығына байланысты сабаққа бармапты. Оны ата-анасы сынып жетекшісіне ескерткен. Ал апта басында осы мектепте деструктивті діни ағымдар, суицид, зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша жоғары сынып оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізіліпті. Мектептегі шараларға белсене араласатын оқушының мұндай қадамға неге барғанын ұстаздар да түсіне алмай отыр.

«Оқушы өте ашық мінезді, басқалармен де, сыныптастарымен де, мұғаліммен де, сынып жетекшісмен де жақсы қарым-қатынаста болды. Ешқандай да оғаш мінез-құлқын көрсеткен емес. Дәлізде де өзін тәртіпті ұстайтын болды. Сабақтан себепсіз қалмайтын», - дейді №18 М. Сатыбалдиев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рысгүл Қадырова.

Жасөспірімнің суицидке не үшін барғанын полиция анықтап жатыр.

Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 16 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған, оның үшеуі қайтыс болды.

«Жылыой ауданында болған суицид дерегіне байланысты қазіргі таңда ҚК 105-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Және де қайтыс болған 2008 жылғы жасөспірімнің бұрын мінез-құлқында ешқандай тәртіпсіздік деректері тіркелмегендігі анықталған», - деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Көкшетауда жұрттың есепшотынан жәрдемақы мен зейнетақылар ұрланып жатыр

Алаяқтардың арнайы есепшоттың құпия дерегін қайдан алғаны белгісіз
03.12.2022 | 10:38

Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекі саудасына толық тыйым салмақ

Сарапшылар оған тосқауыл қоюдың басқа жолын табу қажет деп отыр
03.12.2022 | 09:50

Заманбек Нұрқаділовтің бұрын-сонды еш жерде жарияланбаған видеосы шықты

Бұл видео «Хабар» агенттігінің архивиінде сақталған
03.12.2022 | 07:34

Қарағанды ​​облысында автобус күтіп тұрған оқушының беті үсіп қалған

Абай аудандық білім бөлімі оқиғаны растады
03.12.2022 | 06:30