×

Байқоңырда жоғалып кеткен 17 жастағы жігіт табылмай жатыр

Байқоңыр қаласының 17 жастағы тұрғыны Абдрахимов Асылан Ақылбекұлы 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен

 Халық үні 24.11.2022 | 00:50
Фото: Қызылорда қаласы Полиция басқармасы

Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім бірнеше күннен бері табылмай жатыр.

Байқоңыр қаласының 17 жастағы тұрғыны Абдрахимов Асылан Ақылбекұлы 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен.

Бірнеше күннен бері ата-анасына хабарласпаған. Үйге қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: Бойы: 1,70-1,75 см, орта денелі, шашы қоңыр түсті. Киімдері: қара түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғында қара түсті етік. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 8-705-255-81-25 телефон номерлеріне қоңырау соғуды сұраймыз», - делінген Қызылорда қаласының Полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама