×

Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау уақыты тағы екі айға ұзартылды

Кәсіпкер наурызда қамауға алынды

 Халық үні 23.11.2022 | 17:56
Фото: fckairat

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау уақыты қазанда тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«2022 жылдың 12 қазанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 2 айға ұзартты», - делінген Астана соты таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2022 жылдың наурызында квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша Қайрат Боранбаев қамауға алынды.

2022 жылдың қыркүйегінде Қаржы мониторингі агенттігі аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды және ақшаны жылыстатты деген күдікке ілінген Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластарына қатысты істің тергеуін аяқтады.

Қайрат Боранбаев – Дариға Назарбаеваның құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима 2013 жылы Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Айсұлтан 2020 жылы тамызда Лондонда қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама