×

Ақылы жолдардың бағасы өзгереді – Автомобиль жолдары комитеті

Елдегі кейбір автожолдар ақылы болады

 Дәурен Ерболат 23.11.2022 | 17:43
Фото: liter.kz

Жыл соңында дейін Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі өзгереді. Бұл туралы Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде республика бойынша 2,2 мың шақырым болатын 11 ақылы жол учаскесі бар.

Ақылы жолдардың тарифі 2013-2021 жылдар аралығында кезең-кезеңімен енгізілді. 2013 жылы алғаш «Астана-Щучинск» тасжолы ақылы болды. Жыл соңына дейін көліктердің барлық түріне жаңа абоненттік төлем енгізіледі, - деді Төлеген Абдуллин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ақылы жолдардың бағасы төмендегідей өзгереді:

  • Жеңіл көліктер – 1 жылға 1000 теңге;
  • 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 2 АЕК (6 360 теңге, 1 АЕК – 3 180 теңге), жылына 20 АЕК (63 600 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 4 АЕК (12 720 теңге), жылына 40 АЕК (127 200 теңге);
  • 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 6 АЕК (19 080 теңге), жылына 60 АЕК (190 800 теңге);
  • 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 8 АЕК (25 440 теңге), жылына 80 АЕК (25 440 теңге);
  • 15 тоннадан асатын жүк көліктері – айына 10 АЕК (31 800 теңге), жылына 100 АЕК (318 000 теңге).

Төлеген Абдуллин абонентті көлік ақылы жолдарға іргелес елді мекендер мен кентте есепте тұрған жағдайда ғана рәсімдеуге болатынын атап өтті.

«Абонементті рәсімдеу тәртібі жақын арада «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми сайтына шығады. 2023 жылы қолданыстағы тариф бойынша нормативтік жағдайына қарай 2,5 мың екінші техникалық санаттағы тасжолды ақылы ету жоспарланып отыр», - деді төраға.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама