×

Астананың емханаларына 50 жаңа «джип» берілді

Қыркүйекте жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина табыс етілді

 Дастан Жұмабекұлы 23.11.2022 | 15:47
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана емханаларына жаңа автокөліктер берілді.

Автопаркке шұғыл жетудің 4-санатына, үйге, мобильді бригадаларды тасымалдауға және басқа да шақыруларды орындау үшін 50 автокөлік қосылды.

Биылғы қыркүйектің басында жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілген болатын. Жалпы алғанда, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем станцияларының автопаркі соңғы жылдары 200-ден аса автокөлікпен толықтырылды, – делінген хабарламада.

Соңғы үш жылда медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықтармен жарақтандырылды. 40 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылды (оның 7-сі тұрғын алаптарында), жыл аяғына дейін тағы 10 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылады. Бірқатар медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 4 медициналық мекеменің құрылысы бойынша жобалар іске асырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама