×

Қазақстанда 98 млрд теңгенің қағаз өнімі өндірілді

Қазақстанда қағаз өнімдерін шығарумен 16 кәсіпорын айналысады

 Айнұр Шошаева 23.11.2022 | 15:21
Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында қағаз және қағаз өнімдерін өндіру көлемі қаржылай мәнде 97,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1% артық, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Айта кету керек, түрлі санаттар бойынша өндірілген өнім көлемі әртүрлі. Мәселен, қағаз және гофрленген картон өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72,4% өсіп, 83,3 мың тоннаны құрады. Қораптар мен жәшіктер өндірісі 10 айда 2,8% өсіп, 96,1 млн килоға жетті.

Өткен жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда дәретхана қағазын өндірісі керісінше 34,7% (19,8 млн кило), қағаз майлықтар өндірісі 1,8% (3,6 млн кило) төмендеген. 

Айта кетейік, қазір Қазақстанда қағаз өнімдерін шығарумен 16 кәсіпорын айналысады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда А4 қағазы тапшылығы туындап, бағасын қымбаттап жатқанын, ал олардың 70%-ы Ресейден импортталатынын жазған едік. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама