«Қазақстан инжиниринг» басшысы ауысты

Қымбат Елтайқызы

Бұрынғы басшы Мұхтар Керейбаевтың орнын Теміржан Әбдірахманов басты

фото: Halyq Uni

Теміржан Әбдірахманов «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Директорлар кеңесінің шешімімен Теміржан Қайратұлы Әбдірахманов «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Мұхтар Жұмағазыұлы Керейбаев «Қазақстан инжиниринг» басқарма төрағасы қызметінен босатылды, –  деді премьер-министрдің баспасөз қызметі.

ТЕМІРЖАН ӘБДІРАХМАНОВ

1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын, Нархоз университетін, Ұлттық зерттеу ядролық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Халықаралық жобалар және ынтымақтастық басқармасы менеджері қызметінен бастаған.

2010-2015 жылдары — ОҚО, «АППАК» ЖШС (Қазатомөнеркәсіп) түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары — «Волковгеология» АҚ (Қазатомөнеркәсіп) стратегиялық даму, маркетинг және инновациялар департаментінің директоры.

2017-2020 жылдары — «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ бас директорының орынбасары.

2020 жылғы маусымнан бастап қазірге дейін «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» АҚ бас директорының орынбасары болды.