×

Қырымда тағы да бірнеше жарылыс болды

Ресейдің осындағы билігі бұл шабуылдардың дрондармен жасалғанын айтып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 23.11.2022 | 11:01
фото: ашық дереккөз

Қырым түбегіндегі Севастополь және Евпатория қалалары шегінде бірнеше жерде жарылыстар болды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Ресейдің осындағы билігі бұл шабуылдардың дрондармен жасалғанын айтып жатыр. Мұны Севастопольдің «губернаторы» Михаил Развожаев Telegram-да атап өтті. Жарылыстар дауыстарын жергілікті тұрғындар естіп, олардың жалындарын өз көздерімен көрген.

Жергілікті Telegram-арналар жарылыс болған жерден түсірілген видеоларды таратты.

«РИА Новости» осыдан кейін теңіз жолаушылар кемелерінің өз жүрістерін тоқтатқанын жазды.

Әзірге жарылыстарды кімдердің жасағандары белгісіз. Себебі, Украина тарапы мұны әлі өз мойындарына ала қойған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама