×

Абай және Жетісу облысында жол қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Алтын Емел асуы маңында көлік қозғалысына шектеу енгізілген

 Халық үні 23.11.2022 | 10:07
Фото: Inform.kz

Қазақстанда республикалық автожолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды Қазавтожол.

Абай өңірінде «Алматы – Өскемен» тасжолының 615-967 шақырымы аралығында орналасқан Жетісу облысы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске ашық.

Жетісу өңірінде «Алматы – Өскемен» тасжолының 558-615 шақырымы аралығында орналасқан Үшарал қаласынан Абай өңіріне дейінгі учаске де ашылды.

Ал Р-20 «Сарыөзек – Көктал» күре жолының 45-68 шақырымы аралығында (Алтын Емел асуы) көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Айта кетейік, 22 қараша кеште ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдағы қауіпсіздікке жауапты мамандар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Түнде Абай облысының республикалық маңыздағы күре жолдарына 140 тонна құм-тұз қоспасы себілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама