Қазір спортшы сөйлеп, аздап өз бетінше жүре алады
Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққан соң алғаш рет Instagram желісіндегі аккаунтын жаңартты.
Ол Instagram-дағы Stories-інде балаларының суреттері жариялап, оларға хат жазды.
Айдос Ербосынұлы 6 қарашада WBA Regular атағы үшін жекпе-жекте кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Оған өткен аптада операция жасалды. Содан кейін ол терапия бөлімінен палатаға ауыстырылды.
ESPN телеарнасының сарапшысы және АҚШ-тағы бокстың белгілі шолушыларының бірі Дэн Рафаэльдің айтуынша, қазір Айдос Ербосынұлының жағдайы жақсарды.
«Айдос сөйлей алады. Аздап өз бетінше жүре алатын болды», – деді ол.