×

Мәжілісте жаңа депутат ант берді

Ол «Ақ жол» партиясынан сайланды

 Дәурен Ерболат 23.11.2022 | 10:05
Фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутат Фуат Сатыбаев ант берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін, – деді Фуат Сатыбаев.

Ол Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамының мүшесі болды.

Айта кетейік, Фуат Сатыбаев – хирург-дәрігер, денсаулық сақтау сақтау саласының құрметті қызметкері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама