×

Толассыз жауған жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Қалада жаңбыр жауып жатыр, Шымбұлақта қар жауды

 Халық үні 23.11.2022 | 09:30
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда бірнеше күннен бері жауған жаңбыр салдарынан қаланың төменгі жағында орналасқан аулалар мен көшелерді су басты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні қатты жауын-шашын тіркелді: қалада жаңбыр, тауда қар жауды. Шымбұлақта 20 сантиметрге дейін қар жауды.

Төтенше жағдайлар департаменті желісі бойынша су басу бойынша шағым  түспеген.

«Алайда проблемалық учаскелерде, әсіресе Райымбек батыр көшесінен төмен аудандарда арықтардың суға толып кету фактісі болды. Әрбір факт ескеріліп, суды бұру сияқты жедел шаралар қабылданды», - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Қала бойынша барлығы 52 техника, 27 мотопомп, 104 жұмысшы жұмылдырылды.

Ал синоптиктердің хабарлауынша, қаладағы жаңбыр 25 қарашада тоқтайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама