Ол Қазақстанның гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдірді
Украина президенті Владимир Зеленский Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткізілген сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Сондай-ақ Twitter арқылы Зеленский екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізіп, Қазақстанның гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдірді.
Еске сала кетейік, 20 қарашада Қазақстан Республикасында ел президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.