×

Асқар Забикулиннің әйелі мен балаларына ЖОО-да тегін оқуға грант бөлінді

Қазіргі уақытта екі отандық ЖОО грант беруге дайын екенін білдірді

 Халық үні 22.11.2022 | 20:34
Фото: ТЖМ

Ғылым және жоғары білім министрлігі адамдарды құтқарып жүріп көз жұмған Асқар Забикулиннің отбасына грант бөлінгенін хабарлады. 

Қазіргі уақытта екі отандық ЖОО грант беруге дайын екенін білдірді.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Асқар Забикулиннің балаларына орта мектепті бітіргеннен кейін кез келген бакалавриат мамандығында жоо грантында оқуға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, Асқар Забикулиннің балалары 2023 жылы жазда университеттің жатақханасында тұрып, IT-лагерьге және жазғы тілдік мектепке қатыса алады.

Сонымен қатар, әйелі Анель Забикулина үшін «Адам ресурстарын басқару» мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді.

Батырдың әйелі Анель Забикулинаның МВА бағдарламасында оқуға толық грантын AlmaU да бөлді. Ол грантты 2023-2026 жылдары қолдана алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама