Семейде жүкті әйел құтқарылды
Ол ауруханада есепте тұрған
Семейде ұландықтар жүкті әйелді құтқарды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 9:30 шамасында қаладағы Би-Боранбай көшесі бойында жүкті әйел кенет есінен танып, құлап қалған.
Мұны ұландықтар байқап, 103 нөміріне хабарласқаннан соң жүкті әйелге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына шұғыл жетіп, науқасты перенаталды орталыққа алып кетті. Кейін әйелдің эпилепсия диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды, - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.