Биыл Алматы жолдарын күтіп ұстауға 13 млрд теңге бөлінді
10 мердігер ұйым шаһардағы арықтарды, тротуарларды тазартады
Биыл Алматы жолдарын күтіп ұстауға 13 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Дулат Ешкенов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл Алматы жолдарын күтіп ұстауға 13 млрд теңге бөлінді. Алматы жолдары ұғымына арық желілері, тротуарлар, жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтар және тағы басқа кіреді, - деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, көшелерді күтіп ұстау жұмыстары 3 бағыт бойынша жүргізіледі.
«Көшені тазалау жұмыстары қалалық маңызы бар көшелерде тәулігіне кемінде 2 рет, аудандық маңызы бар көшелерде тәулігіне 1 рет және жергілікті маңызы бар көшелерде аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі. Бірақ жол қызметкерлерінің жұмысы мұнымен шектелмейді», - деді Дулат Ешкенов.