Елімізде кәсіпкерлердің саны 2 млн-ға жуықтады
Тіркелген ШОБ субъектілерінің басым бөлігі Алматыда
Қазақстанда шағын және орта бизнесте жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің саны 2 млн-ға жуықтады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2022 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша кәсіпкерлердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ға өсіп, 1 732 696 субъект болды.
Жеке кәсіпкерлердің үлесі – 67,3%, шағын кәсіпкерлік субъектілері – 19%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,5%, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 0,2%.
Бюроның дерегінше, тіркелген ШОБ субъектілерінің саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Онда 343 мың субъекті болса, оның 277 мыңы ғана жұмыс істейді. Үздік үштікке Астана (224 мың субъекті, оның 196 мыңы жұмыс істейді) және Түркістан облысы (178 мың субъекті, 175 мыңы жұмыс істейді) енді.
ШОБ субъектілерінің жалпы санынан 601 мың субъекті көтерме және бөлшек саудамен және автокөліктерді жөндеумен айналысады, 269 мыңы – ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында, 92 мың субъект – құрылыста.
ШОБ субъектілерінің ең азы үлесі (1769) электрмен жабдықтау, газ беру секторында тіркелген.