Halyq Uni логотип
×

Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кетті

Жарақат алған бойжеткен ауруханаға жатқызылды

 Дастан Жұмабекұлы 22.11.2022 | 16:10
Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кетті
фото: ашық дереккөз

Instagram-дағы kaskelenkz парақшасында Қаскелең қаласында Сүлейман Демирел университеті маңындағы Абылай хан көшесінде болған жол апаты туралы видео шықты. Видеода зардап шеккен қыз бен жедел жәрдем көрсетілген.

Алматы облысының полициясы 20 қарашада сағат 20:30-да Mitsubishi көлігін жүргізген 58 жастағы адамның рұқсатсыз жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу адамды қағып кеткенін хабарлады.

Соққыдан жаяу адам қарсы жолаққа ұшып кеткен. Одан кейін оны басқа «Mercedes-Benz» көлігі қаққан. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған 17 жастағы қыз Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, –  делінген полицияның хабарламасында.

Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі («Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адам денсаулығына зиян келтiрiп, жол қозғалысы ережелерiн бұзуы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама