Ауа райы болжамы: 23 қарашада Астанада ғана аяз болады

Еркеғали Болатұлы

Шымкентте ауа температурасы 14-16 жылы

фото: Абзал Калиев

Синоптиктер Қазақстанда 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтіп, шығыста қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі. Батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Ал елдің шығысында, солтүстік-батысында – қарлы боран.

Жетісудың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында, Алматының оңтүстігінде және таулы аймақтарында, солтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстікте, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Шығыс Қазақстан, Абай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады.

Астанада көшпелі бұлт болып, түнде аздаған қар жауады. Шығыстан соғатын жел – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -12-14 (аяз).

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын, кей уақытта қатты (негізінен жаңбыр), тұман түседі. Жел – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 5-7 жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығып, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 14-16 жылы.