Тізімде тоғыз тұрғын үй кешені бар
Алматы әкімдігі заңды құжаты толық емес тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялап, тұрғындарға сол жерден пәтер сатып алмауға кеңес берді.
Бұл тізімде бар:
«KHAN» клуб үйі – Бостандық ауданы, Витебская к-сі, 44/3, 44а, Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) – бар, жоба эскизі жоқ;
«Castle Rock» ТК – Бостандық ауданы, Ерменсай ы/а, Көлсай к-сі, 31/3, СЖТ және жоба эскизі жоқ;
«Rich» клуб үйі – Бостандық ауданы, Мирас ы/а 24/1, 24/2, 25/5, СЖТ бар, жоба эскизі жоқ;
«Esentai Terrace» клуб үйі (бұрынғы Pine Hill резиденциясы) Медеу ауданы, 2-көше, 33 учаске, СЖТ бар, жоба эскизі жоқ;
«Alma Garden» клуб үйі – Медеу ауданы, 6-көше, 7, 9 учаске, СЖТ және жоба эскизі жоқ;
Chelsea Club House клуб үйі – Медеу ауданы, Таулы қырат, Сызғанов/Шукшин көшелері, СЖТ және жоба эскизі жоқ;
«Цюрих» ТК – Наурызбай ауданы, Сейітбеков к-сі 18, 18А, 18Б, СЖТ және жоба эскизі жоқ;
«Flora» ТК – Наурызбай ауданы, Тастыбұлақ ы/а, Таутаған көшесі 6, 8,10. СЖТ және жоба эскизі жоқ;
«Lantana» ТК – Наурызбай ауданы, Үлкен Алматы ауылдық округі. СЖТ және жоба эскизі жоқ.
Айта кетейік, салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құжаттарының бар-жоғын қала құрылысын бақылау басқармасының сенім телефоны 8 (727) 229-81-36 арқылы білуге болады.