×

Петропавлда 13 млн теңгенің заты тәркіленді

Қоймадан алкоголь және темекі өнімі табылған

 Самат Жақып 22.11.2022 | 15:39
Фото: СҚО полиция департаменті

Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары алкоголь өнімдері сақталған қойманы анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласындағы гараж кооперативтерін тексерген. Олардың бірінен контрафакт өнімдерінің қоймасы анықталды.

Ол жерден 740 литр спитр, 50 литр коньяк құйылған 158 бес литрлік ыдыс, сонымен қатар акциз маркасы жоқ 22 369 қорап темекі өнімі тәркіленді. Ал олардың жалпы құны 13 миллион теңгеден асады.

«Гараж иесі ол жерді қандай мақсатта пайдаланатынын ескермей жалға берген. Тексеріс барысында заңсыз тауардың иесі анықталды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім шығару үшін экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды»,- дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында облысында 7 900 литр алкоголь өнімі тәркеленді.

Айта кетейік, 24 тоннаға жуық алкогольді сатуға әрекеттенген Ақмола облысының тұрғыны сотталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті алкоголь өнімдерін өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Оқиға болған жерді қарау кезінде автокөлік тіркемесінен спирті бар сұйықтық толтырылған әрқайсысының көлемі 1000 литр болатын 24 пластик ыдыс табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама