Қыз жігітімен ұрсысып қалған
Елордада мас бойжеткен такси көлігін айдап әкетіп, апатқа ұшырады, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Байқоңыр ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері көлікті ұрлаған 31 жастағы астаналықты ұстады.
Тергеу барысында күдікті таңғы уақытта жас жігітпен бірге таксиде кетіп бара жатқан. Кейін екеуінің арасында жанжал туған. Такси жүргізушісі оларды көліктен түсіріп тастайды. Жас жігіт жүргізушімен сөзге келіп, мәселені шешу үшін көліктен шыққанда бойжеткен LADA Granta автомобилін айдап кеткен. Алайда ол көп ұзамай Иманов пен Асан қайғы көшелерінің қиылысында 2 көлікпен соқтығысқан, - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.