Halyq Uni логотип
×

Қаржы министрі пәтерді жалға беретіндер туралы айтты

Ол баспананы жалға беріп, табыс алатындар салық төлеуі тиіс екенін ескертті

 Дастан Жұмабекұлы 22.11.2022 | 13:55
Қаржы министрі пәтерді жалға беретіндер туралы айтты
фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жалға пәтер беретін отандастарымыздың табысын жариялау керектігін айтты. 

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген Қаржы министрлігінің басшысы баспананы жалға беріп, табыс алатындар онсыз да салық төлеуге тиіс екенін ескертті.

«Сондықтан көші-қон полициясымен бірігіп, біріншіден, адамдарды «ашық» жұмыс істеуге шақырамыз және жұмыс істеп жатырмыз. Ал пәтер иелері болса, кірісін жасырмау керек. Пәтердің нақты қайда тіркелгенін және баспанада неше адамның тұрып жатқанын айту керек», –  деді Жамаубаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама