ОСК президент сайлауының ақырғы қорытындысын жариялады
Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды
Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 2022 жылдың 20 қарашасында өткен сайлаудың қорытындысы төмендегідей:
Қарақат Әбден – 2,6% (206 206 адам дауыс берген);
Нұрлан Әуесбаев – 2,22% (176 116 адам);
Жигули Дайрабаев – 3,42% (271 641 адам);
Мейрам Қажыкен – 2,53% (200 907 адам);
Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31% (6 456 392 адам);
Салтанат Тұрсынбекова – 2,12% (168 731 адам);
Бәріне қарсымын – 5,8% (460 484 адам).
«Осылайша 21 қарашада жарияланған сайлаудың алдын ала қорытындылары ресми келіп түскен хаттамамен расталды. 2022 жылдың 20 қарашада өткен кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды», - деді ОСК төрағасы.
Айта кетейік, сайлауда 8 300 046 адам немесе сайлаушылардың 69,44%-ы дауыс беруге арналған бюллетендерді алды.