×

«Коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті». Қазақстандықтарға вакцина алуға кеңес берілді

Бүгінде елімізде СOVID-19-ға қарсы вакцинаның 2 түрі бар

 Дәурен Ерболат 22.11.2022 | 12:55
Фото: epravda.com.ua

Көрші Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Сондықтан Қазақстанда ревакцинация жүргізу керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ревакцинацияны жүргізу қажет. Себебі қазір әлемде коронавирус жұқтырғындар саны өсіп жатыр. Әсіресе, көрші Қытай, Әзербайжан, Израильде және тағы басқа елдерде ауру жұқтырғандар саны күрт өсті. Сондықтан біз халыққа ревакцинация керек деп ақпарат таратып жатырмыз. Ол үшін коронавирусқа қарсы вакциналар бар.  Адамдар вакцина алмас бұрын олар профилактикалық тексерістен өтеді, - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан соң.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда СOVID-19-ға қарсы вакцинаның 500 мың дозасы бар.

«Бұл – QazVac, Sinopharm екпелері. Қазір құжаттарға қол қойылып жатыр. Нәтижесінде бізге гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасы жеткізілуде. Менің ойымша, келесі аптада біз Pfizer-дің қанша дозасын алатынымызды хабарлаймыз. Ол вакцина алғысы келетіндердің барлық санатына қолжетімді болады. Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 түрі болады. Жаппай вакцинация болмағанына қарамастан адамдар екпе алып жатыр: бустерлық доза (бір доза). Сондықтан вакцинация негізінен емханаларда жүруде», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама