Halyq Uni логотип
×

Ресейде соғысқа барғысы келетін еріктілерге қатысты заң шықты

Соғысқа қатысқандар мен олардың отбасыларына жеңілдіктер беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 22.11.2022 | 11:24
Ресейде соғысқа барғысы келетін еріктілерге қатысты заң шықты
фото: ria.ru

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысқысы келетін ардагерлердің мәртебесі туралы заңға қол қойды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Украинада соғысып жүрген еріктілер ұрыс қимылдарының ардагері мәртебесін алатын болды. Осыған қатысты заңға РФ президенті Владимир Путин қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Ұрыс қимылдарының ардагері статусына мемлекеттік билік органдарының шешімдері бойынша құрылған ерікті құрылымдарға кірген және Украина, сондай-ақ 2022 жылғы 24 ақпаннан бері ДХР және ЛХР, 30 қыркүйектен бері Запорожье және Херсон облыстары территорияларында міндеттерін орындауға қатысып жүрген адамдар ие болады, – делінген заңда.

Бұдан басқа, ұрыс қимылдарында жарақат алып қалғандар мүгедек болып саналады.

Бұған дейін Путин еріктілерді әскери қызметкерлермен теңестіретін заңға қол қойған болатын. Осылайша, соғысқа қатысқандар мен олардың отбасыларына тиісті әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар беріледі. Мысалы, коммуналдық төлем үшін жеңілдіктер мен қоғамдық көлікте тегін жүру қарастырылады. Сол сияқты, еріктілерге берілетін ақшалай қаражат мөлшері дәл осындай әскери қызмет атқаратын келісімшарт қызметкерлерінікінен аз болмайды.

Бас штаб 1 қарашада соғыс басталғаннан бері оған ерікті болып қатысқан 15 мың әскери қызметкердің болғаны жөнінде есеп берді. Бұл – мобилизациямен әскерге алынғандардың 15 пайызы, ал 24 ақпаннан бері Украинаға аттандырылған әскери топтардың 10 пайызы ғана.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама