×

5 облыста суды үнемдеу үшін егіс алқаптары қысқартылды

Бұл дақылдар ылғалды көп қажет етеді

 Дәурен Ерболат 22.11.2022 | 10:51
фото: Halyq Uni

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев суды үнемдеу үшін 5 өңірде күріш, мақта, пияздың егіс алқаптары қысқартылатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында су ресурстарының тапшылығын қысқарту үшін ылғал көп қажет ететін дақылдардың (күріш, мақта, пияз) алаңдары азайтылды. 
Сондай-ақ суды үнемдеу үшін су айналымы, суару кезектілігі ұйымдастырылды. Жалпы, 1030 шақырым болатын каналдарда механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді және 107 мың гектар алаңда су үнемдеу технологиялары қолданылды, - деді министр Үкімет отырысында.

Серікқали Брекешевтің айтуынша, Қызылорда облысы үшін Үкімет резервінен сорғы қондырғыларын сатып алуға және ұңғымаларды жөндеуге, бұрғылауға 3,6 млрд теңге бөлінген.

Жалпы алдын ала қабылданған шаралардың арқасында оңтүстік өңірлерде вегетациялық кезең шығынсыз өтті. Бүгінде келесі жылдың вегетациялық кезеңіне дайындық жұмыстарын атқару үшін арнайы жоспарды бекітіп, бастапқы жұмыстарға кірісіп кеттік, - деді ол.

Сондай-ақ министр Ауыл шаруашылығы министрлігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, қантардан бастап фермерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20