×

Ажар Ғиният халықтың денсаулығы жақсарғанын айтты: өлім-жітім 28,5% азайған

Ауылда 13 мың дәрігер жұмыс істеп жүр

 Дәурен Ерболат 22.11.2022 | 10:34
Фото: Halyq Uni

2022 жылғы 9 айда елімізде халықтың денсаулығы жақсарып, өлім-жітім көрсеткіші 28,5%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет отырысында министр «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы туралы баяндады.

«Бүгін ауылда шамамен 8 млн адам тұрады. Бұл – Қазақстан халқының 41%-ы. Ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам (5397) медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді. Жалпы медициналық-демографиялық жағдай елімізде тұрақты. Ресми статистика бойынша халықтың денсаулығы жақсарып, 9 айда өлім-жітім көрсеткіші 28,5%-ға төмендеді. Былтырмен салыстырғанда жалпы ауыл тұрғындарының арасында да өлім-жітім көрсеткішінің 21%-ға төмендеуін байқаймыз», - деді Ажар Ғиният.

Ведомство басшысы ауыл халқы қандай ауру түрлеріне жиі шалдығатынын жеткізді.

Бірінші орында тыныс алу ағзаларының ауруы – 42,7%, (2021 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 17 164,4), екінші орында ас қорыту – 9% (2021 жылы – 3 626,6), үшінші орында несеп, жыныс жүйелері тұр, - деді министр.

Бүгінде ауылдарда 67 мыңнан аса медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер және 54 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама