×

Лаңкестер Түркияның оңтүстігін зымыранмен атқылады: үш адам қаза тапты

Газиантеп губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, содырлар Қарқамыс ауданына жалпы саны 5 зымыран тастаған

 Халық үні 22.11.2022 | 08:55
Фото: aa.com.tr

YPG лаңкестері (КЖП-ның сириялық қанаты –ред.Анадолу) Түркияның оңтүстігін зымыранмен атқылады, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Газиантеп провинциясының шекаралас Қарқамыс ауданына Сирияның солтүстігінен зымыран атылған.

Газиантеп губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, содырлар Қарқамыс ауданына жалпы саны 5 зымыран тастаған. Салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам жараланған.

Бұл ауданға жедел жәрдем бригадалары жіберілді.

Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, жарылыстар лицейлердің бірінің ғимаратында болған. Сонымен қатар екі тұрғын үйге, Қарқамыс бекетінің маңында жүк көлігіне де снарядтар түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама