Басқарма басшысы қандай қылмысқа күдіктелгені белгісіз
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Энергетика және ТКШ басқармасы басшысы Бақыт Ілиясов тергеуге алынған.Телеарнаның түсіру тобы кезектен тыс президент сайлауында оның дауыс беріп жатқанын түсіріп алған, деп хабарлады Pkzsk.info.
Басылымның хабарлауынша, Ілиясов 2022 жылғы тамыздан бері көрінбей кеткен.Петропавлда тергеу изоляторындағы сайлау учаскесінде оның дауыс беріп жатқаны көрсетілген бейнежазба журналист Төлеген Имановтың әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. Басқарма басшысы қандай қылмысқа күдіктелгені белгісіз. Ресми тұлғалар пікір білдірмеген.
«Шенеуніктердің көбі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің көмегімен қамауға алынады. Қылмыстық іс туралы қауесет тез тарағанымен, бірақ ресми түрде ешкім ештеңе растамаған», – деп жазады Рkzsk.info.
Осындай ақпаратқа қарамастан Бақыт Ілиясов gov.kz-дағы ведомство сайтында Энергетика барқармасының басшысы ретінде көрсетілген. Бұл лауазымды ол 2021 жылғы қазаннан бастап атқарып келеді.