Halyq Uni логотип
×

Сот Павлодар облысы экс-әкімінің өтінішін қанағаттандырмады

Болат Бақауов алты айдан соң сотқа қайта жүгіне алады

 Халық үні 03.03.2022 | 09:58
Сот Павлодар облысы экс-әкімінің өтінішін қанағаттандырмады
Болат Бақауов, фото: irbistv.kz

Павлодар облысының аппеляциялық коллегиясы экс-әкім Болат Бақауовтың жазаны шартты түрде өтеу туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Комиссия Павлодар қаласының №2 қылмыстық соты шығарған қаулыны күшінде қалдырды.

Болат Бақауовтың үш қорғаушысы сотқа сотталушының пробация қызметі мен учаскелік инспектордан алынған жағымды мінездемесін, Мәжіліс пен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен хат, осыған ұқсас өзге сот қаулыларын ұсынды. Бұл құжаттардың барлығы өтінішке қоса берілді.

Сот коллегиясы жазаның жартысын өтеу оны шартты түрде өтеуге ауыстыру үшін жеткіліксіз деп шешті.

Бұдан кейін де сотталушының тәртібі жақсы болса, ол алты айдан соң осы өтінішпен сотқа қайта жүгіне алады, - деді сот төрағасы Марат Рымбеков.

2020 жылғы мамырда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Оның жаза мерзімі 2023 жылғы тамызда аяқталады. Осыған дейін бұрынғы шенеунік жазасын жеңілдету жөнінде екі рет сотқа арыз түсірді. Алғашқысын өзі қайтарып алса, екіншісін сот қанағаттандырмады.

Экс-шенеунік өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама